Мен, Канагатова Дина Баубериковна, 1968 жылғы 1 қарашада Алматы облысында дүниеге келдім. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына түсіп, 1991 жылы «Инженер- гидрогеолог» мамандығы бойынша (ТВ №749909 дипломы) бітірдім.1992 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіне түсіп, 1996 жылы «Экономист» мамандығы бойынша (№0117888 дипломы) тәмамдадым.2023 жылы Мәскеу психоанализ институтына түсіп, 2024 жылы «Психолог» біліктілігін алып аяқтадым.Экономика ғылымдарының кандидаты, PhD дәрежесінің иегерімін. Еңбек жолымды 1993 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (Нархоз университеті) «Макроэкономика» кафедрасында аға лаборант қызметінен бастадым. 1996–2004 жылдары осы университеттің «Микро- және макроэкономика» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып қызмет атқардым.2004–2005 жылдары «Экономикалық теория» кафедрасында аға оқытушы болдым. 2005–2010 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Мансапты дамыту орталығының директоры қызметін атқардым.2010–2011 жылдары Халықаралық бизнес мектебінің DBA докторлық бағдарламалар бөлімінің басшысы болдым.2011–2014 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Халықаралық бизнес мектебінің Астана қаласындағы өкілдігінің директоры қызметін атқардым.2014–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (Астана қ.) «Экономиканы басқару» кафедрасының доценті болдым.2016–2018 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында экономика кафедрасының доценті қызметін атқардым. 2018–2021 жылдары Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) қауымдастырылған профессор болдым.2021–2024 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында қауымдастырылған профессор қызметін атқардым.2020 жылдан бастап Нархоз университетінің Бизнес мектебінде шақырылған профессор ретінде жұмыс істеймін.2024–2025 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Бизнес мектебінде корпоративтік білім беру бағдарламаларының жетекшісі және Бизнес мектебі директорының орынбасары қызметтерін атқардым.2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және бизнес мектебінде ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқардым. 2026 жылғы қаңтар айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және бизнес мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының доцент- зерттеушісі қызметін атқарып келемін.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Қазақ мемл. Экономикалық универс. |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
03.11.2004 |
0
құжаттар
0